Шавкат Рахмонов жекпе-жекке қатысу үшін АҚШ-қа аттанды

Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan
Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan
12.12.2023 10:39
1411
UFC-дегі орта салмақ өкілі қазақстандық Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлісіміз америкалық Стивен Томпсонмен өзара кім мықтыны анықтайды.
Бұл туралы Шавкаттың Dar Pro Team командасы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
Вегасқа аттанып барамыз. Dar Pro Team командасының спортшысы Шавкат Рахмонов оқу-жатты жиындарын аяқтап, UFC 296 турниріне қатысу үшін Лас-Вегасқа жол жүріп барады. Шавкатқа жеңіс тілейік, – делінген мәліметте.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов – Стивен Томпсон айқасы 17 желтоқсан күні өтеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті