Шавкат Рахмонов жаңа қарсылас таңдады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
03.08.2023 12:30
1050
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Келвин Гастелум (18-8) жарақат алып қалғаннан кейін алдағы жекпе-жегіне басқа қарсылас іздеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналист Джеймс Линчтің мәліметінше, қазақстандық файтердің менеджері қазіргі таңда лайықты қарсылас іздестіріп жатыр. Оның сөзінше, олар Камару Усман немесе Стивен Томпсонмен жекпе-жек сұрапты.
Айта кетейік, Шавкат ең беделді промоушндегі бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жетті. Ол кәсіби ММА мансабындағы 17 жеңісінің барлығын да мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турниріндегі соңғы жекпе-жекте қазақстандық үшінші раундта америкалық Джефф Нилді қықындыру әдісімен жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да полиция қызметкерінің қаруымен аңға шыққан адам ұсталды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды