Шавкат Рахмонов UFC-дің ең үздік спортшысы атанды
Ол кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: elorda.info
Фото: elorda.info
06.03.2023 05:25
877
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC-де ресми түрде теңдессіз жетістікке жетті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Номад» Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 285 турнирінде үшінші раундта америкалық Джефф Нилден басым түсіп, өз рекордын 17-0 көрсеткішіне дейін жоғарылатты.
Бұл – қазіргі уақытта UFC ростеріндегі барлық жеңілмеген файтерлер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Шавкат Рахмонов бүгінгі жетістігінің арқасында Мовсар Евлоев (16-0) пен Умар Нурмагомедовтан (16-0) озып кетті.
Сондай-ақ, Шавкат басты бәсекелестеріне қарағанда жекпе-жегінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтағанын айта кеткен жөн.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да көкөніс өсіруге жеңілдетілген несие беріледі