Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті

Фото: instagram.com/ufceurasia
Фото: instagram.com/ufceurasia
17.12.2023 10:35
1613
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоспарланған үш раундтың екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.
Осылайша, жерлесіміз мансабындағы 18-ші жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті