Шавкат Рахмонов Президентпен не жайлы әңгімелескенін жария етті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Рахмоновты Ақордада қабылдаған еді. Сонымен қатар Шавкат Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында Президентпен не жайлы сөйлескенін айтты.
Біз бір-бірімізді енді ғана жақсы білдік. Мен көп сұрақ қойған жоқпын, өйткені онымен бірінші рет кездесіп отырмын. Біз Президентпен UFC-ді қазақстандық телеарналарда көрсету мүмкіндігін талқыладық. Менің жекпе-жегім болсын, басқа жігіттердің додасы болсын. Жанкүйерлер өте ұзақ күтті. Бірақ біздің арналардан жекпе-жек көрсетілмеді. Трансляциялар бар, бірақ оларды әркім сатып ала алмайды. Теледидарымыздан көрсетілсе дұрыс болатынын айттық, - деді Шавкат.