Шавкат Рахмонов Меккеге барды

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
14.04.2023 13:16
1044
UFC-дің атақты қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмонов Рамазанның қасиетті күндерінде Меккеге кіші қажылық жасауға барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аралас жекпе-жек шебері Ұмраға жақындары және достарымен бірге аттанған.
«Рамазан айындағы ұмра құлшылығымыз қабыл болсын, Иншалла», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
4 наурызда Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 285-те ұйымдағы өзінің бесінші жеңісіне қол жеткізді. Жерлесіміз американдық Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Осыдан соң демалысқа шығып, еліміздің өңірлерін аралады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті