Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен кездесуге дайын ба?

Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен кездесуге дайын ба?
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 28.08.2024 12:17 535

UFC-де жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) Submission Radio-ға берген сұхбатында Хамчат Чимаевпен айқас өткізу туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші Шавкаттан: «Чемпиондық атақ иеленген соң, Хамзат Чимаевпен кездесуге дайынсың ба?» деп сұрады.

Менің қазіргі басты мақсатым – өз дивизионымда чемпиондық атаққа қол жеткізу. Бар назарым сонда. Егер болашақта салмағым артып, орта салмаққа ауысып жатсам, кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Ол салмақта кімнің чемпион екені маңызды емес. Дәл қазір жартылай орта салмақта өзімді жайлы сезінемін, көп салмақ қумаймын. Әзірге орта салмақ жаққа қарап жүрген жоқпын. Салмағым арта бастағанда ойланып көрермін, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға