Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
03.07.2024 16:11
476
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының президентін әуежайда премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.
Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.
Бөлісу:
