Жаңалықтар

Шарын ұлттық табиғи паркінде еліктер фототұзаққа түсі қалды

Шарын ұлттық табиғи паркінде еліктер фототұзаққа түсі қалды
Фото: Видеодан кадр 02.05.2025 07:37 254

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы табиғатты зерттеу және бақылау мақсатында орнатылған фототұзақтарға еліктер тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бұл кадрлар – ұлттық парк аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді.

Еліктер — экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі.

Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға