Жаңалықтар

Шаруаларды айналым қаражатынан шектейді. Саиров үкімет басшысына жүгінді

Шаруаларды айналым қаражатынан шектейді. Саиров үкімет басшысына жүгінді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 24.05.2023 11:03 647

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрге аграрлық сектордың күрделі жағдайға тап болып отырғаны туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша 2022 жылы тауарлық субсидиялар 50 пайызға, ал инвестициялық субсидиялар 30-40 пайызға төленген. Алынған қарыздар бойынша екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша да осындай жағдай орын алып отырғанын тілге тиек етті. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, инвестициялық субсидиялар және екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған жаңа gosagro.kz платформасы толық жұмыс істемейді, мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланбаған, субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдауға қабілетсіз, – деді депутат.

Өтелмеген қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені өтеу үшін субсидиялар алу мүмкіндігінің болмауы кәсіпкерлерді субсидиялау қағидатына сәйкес  6%-дың орнына банктерге кредиттің толық мөлшерлемесін 17-20 пайыз төлеуге мәжбүр ететінін жеткізді.

Яғни, депутат бұл онсызда титықтап отырған шаруашылықтарға «жығылған үстіне жұдырық болатынын айтты. Биыл астықты сатып алуға бөлінген қаражаттың бұрын-соңды болмаған қысқару орын алған екен. 

Мәселен, Ақмола облысы бойынша 12 миллиард қажеттілік бола тұра, форвардтық сатып алуға тек 4 миллиард теңге бөлінді, бұл көптеген шаруаларды айналым қаражатынан шектейді, – деді мәжілісмен Саиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға