Жаңалықтар

Шардара су қоймасындағы су деңгейі азайып кетті

Шардара су қоймасындағы су деңгейі азайып кетті
Фото: gov.kz 28.08.2023 14:41 1270

Шардара су қоймасындағы су деңгейі бес есе азайып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар бұл мәселені қоймаға келетін су көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Яғни, көршілес елдерден келетін судың азаюынан қажетті су қоры жиналмаған.

Жалпы Шардара су қоймасының сыйымдылығы - 5 млрд 200 млн текше метр. Бүгінгі күні мұнда 816 млн текше метр су бар. Ал, өткен жылы осы мерзімде 1 млрд 289 млн текше метр су болған. Қазіргі кезде Қызылқұм каналына секундына - 10 текше, Сырдарияға - 100 текше су жіберіліп жатыр, - деді «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы Шардара бөлемшесі бастығының орынбасары Ермек Иса.

Өзекті мәселе жөнінде облыс әкімдігі стратегиялық нысанға жауапты су ресурстары комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігін дер кезінде хабардар еткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға