Шаңғы жарысы: Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
![Шаңғы жарысы: Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді Шаңғы жарысы: Қазақстан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді](/storage/storage/element/2025/02/12/mainphoto/142142/1200xauto_2hHTxZd7JcD1f2AwYnm9MUUXE6avcIrz9i1f26Qv.jpg)
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
12.02.2025 12:48
104
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады