Жаңалықтар

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан спартакиадасы өтті

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан спартакиадасы өтті
Фото: Спорт комитеті 25.03.2025 15:01 198

Масс-стартпен шаңғы жарысы бойынша Қазақстан спартакиадасы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Масс-старт қорытындысы бойынша ерлер арасында үздік үштікті келесі спортшылар құрады:

1. Башмаков Наиль (Қост.обл.)
2.Ковалев Владислав (Қост.обл.)
3.Кожебек Еламан (Абай. обл.)
 
Әйелдер арасында:

1. Степашкина Надежда (Акм.обл.)
2. Шурыга Ангелина (Алматы қ.)
3. Толмачева Елизавета (Павл.обл.)
 
Қазақстан спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ақмола облысының құрамасы жеңіске жетті. Екінші және үшінші орында Қостанай және Абай облыстары тұр.
 
Естеріңізге сала кетейік, шаңғы жарысы бойынша ҚР спартакиадасы 18-25 Наурызда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Спартакиада аясында спринтте, жеке жарыста, жаппай стартта және командалық жарыстарда көшбасшылар анықталды. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 170-тен астам спортшы қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға