Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
12.02.2025 09:19
605
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сында (4×5 км) ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.
Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.
Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты.
Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.
Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады
Келесі жаңалық
Суицид: Статистика не дейді? Жағдай түзелді ме?