Жаңалықтар

Шаңды дауылда ұшақты сәтті қондырған ұшқыш желі қолданушыларын тамсандырды

Шаңды дауылда ұшақты сәтті қондырған ұшқыш желі қолданушыларын тамсандырды
Фото: tiktok.com/@serzhanaidana 08.04.2025 18:10 1088

Әлеуметтік желіде Алматыдағы шаңды дауыл кезінде ұшақты сәтті қондырған ұшқыштың кәсібилігіне жұрт таңдай қақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері TikTok желісінде mutriba.tj есімді қолданушы видео жариялады. Автордың айтуынша, бұл бейне Душанбе – Алматы бағытындағы рейс бортында түсірілген. Видеода қатты желге қарамастан ұшақтың жерге қону сәті көрсетілген. Кейбір жолаушылардың қону кезінде дұға етіп отырғанын естуге болады.

Ал желі қолданушылары видеоның астына ұшқыштың кәсібилігі туралы пікірлер қалдырған.

«Ұшқышқа алғыс, жарады! Осындай дауылда ұшақты қондырып, қанша адамның өмірін сақтап қалды», «Мен осы рейспен ұштым – қорқынышты болды. Ұшқыш – нағыз маман», «Қандай тамаша! Денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін! Осындай жағдайда ұшақты қондыру – зергерлік шеберлікпен тең», «Мен бұл ұшақтарды жерден көрдім. Әуежай маңында жұмыс істеймін. Ұшақтар қатты шайқалып жаты», – деп жазды олар.

@mutriba.tj

ба кайидани самалет кам монда буд вале худоро шукр

♬ оригинальный звук - mutriba.8

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға