Жаңалықтар

Шамшадин мен Әбужақынова жартылай финалға өтті

Шамшадин мен Әбужақынова жартылай финалға өтті
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ 24.09.2023 09:31 731

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Абиба 48 келіге дейін салмақта алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен жеңді. Одан кейін Солтүстік Корея балуанынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60келі) алғашқы айналымда ауғанстандық балуанан басым түсті. Одан кейін солтүстік кореялық балуанның да жауырынын жер иіскетті.

Жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Хариммен (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) кездеседі.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға