Жаңалықтар

Шалғай елді мекендерге гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар алынды

Шалғай елді мекендерге гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар алынды
Фото: instagram.com/bagdatmussin 22.04.2024 16:39 580

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Минситр Америкадан Қазақстанға ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын жеткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын, — деп жазды министр. 

Министр осы дрондарды қолданып, құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтетінін айтты.

Сонымен қатар дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады. Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін, - деді Мусин.  

Айта кетейік, ARC Drones — қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға