Жаңалықтар

Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті

Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді.
Шахмат Олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті
Фото: ekhokavkaza.com 03.08.2022 22:33 1234

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді. Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. 

Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді. 

Ал, әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанға 1:3 есебімен жол беріп қойды. Олар бұған дейін Перу, Куба мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп , Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға