Жаңалықтар

Шәкәрім университетінде ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Шәкәрім университетінде ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
Фото: gov.kz 27.12.2022 13:57 1479

Оқу орнының «Радиоэкологиялық зерттеулер» ҒО базасында «Материалдардың бетін түрлендіру» ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рәсімге жоо басшылары, шетелдік және отандық ғалымдар, Семей медициналық университеті, Plasma Science, Спектромарт, Атомдық энергия институты, Ядролық медицина және онкология орталығы, «Семей инжиниринг» және өңірлік колледждердің өкілдері қатысты.

Ғылыми-зерттеу орталығын құру Шәкәрім университеті мен «PlasmaScience» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде ғалымдар мен мамандардың күш-жігерін үйлестіруге ықпал етеді. Бүгінгі таңда аталған орталықта жалпы сомасы 300 млн. теңгеге жуық 4 жоба іске асырылуда.

Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бауыржан Ердембеков бірлескен тыңдырымды жұмыстың арқасында ашылған орталықтың маңыздылығына тоқталып, өңірлік ғылым саласын дамытудың бірден-бір мүмкіндігі жас ғалымдардың қолында екендігін тілге тиек етті.

Жобалардың арқасында орталық 3 зертханамен жабдықталды. 25 бірлік ғылыми жабдықтар мен зертханалық жиһаз сатып алынды. Қазіргі уақытта орталықтың құрамында университеттің жас ғалымдары, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатарынан 9 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға