Жаңалықтар

Шахталардың бәріне тексеріс жүргізу керек - депутат

Шахталардың бәріне тексеріс жүргізу керек - депутат
Фото: Мәжіліс 19.02.2025 10:10 707

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кешегі оқиғада техникалық қауіпсіздік сақталды ма, сақталмады ма, біз ол жағын толық білмейміз. Өйткені, бүгінгі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер техникалық қауіпсіздік сақталмағаны анықталса, кінәлі адамдар жазаланатын болады. Бірақ Костенко шахтасындағы апаттың болғанына небәрі 2 жыл уақыт өтті, біз сабақ алуымыз қажет еді. Оқиғаны болдырмауымыз керек еді. Депутаттар заңға ұсыныстарын беріп, апат болған сәтте 20 минут ішінде әрекет ету керек екені туралы ұсыныс берілген, - дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, шахталардың барлығын жіті тексеру қажет. 

Жалпы тексеру жүйесінде арнайы, жоспарлы, жоспардан тыс деген түрлері бар. Сол тексеріс кезінде аса қауіпті саналатын кен орындары тексерілетін аймақты ғана тексертеді. Тек қазандықты көрсетеді. Ал құбыр, бұрғылау орындарындағы келеңсіздіктерді көрсеткісі келмейді. Бұл жөнінде заң жобасында қосымша ұсыныстар берілетін болады. Қазір бізде жүздеген шахта бар. Солардың барлығына жаппай тексеру жүргізу керек. Былтыр қабылданған қоғамдық бақылау туралы заң аясында кен орындарында міндетті түрде бақылау жүргізген дұрыс деп ойлаймын, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға