Жаңалықтар

Шахтадағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті
Шахтадағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылды
Фото: aikyn.kz 03.11.2022 14:28 1845

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смаиловтың өкімі бойынша ТЖ министрі Юрий Ильин Қарағанды облысындағы шахтада болған авария себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияға басшылық етті, деп хабарлайды El.kz

3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді.

Шахтада 106 жұмысшы болған. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды. Төрт жұмысшы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ психологтары қайтыс болған адамдардың туыстарына көмек көрсетуде.

Өндірістік процесс уақытша тоқтатылды.

ҚР ТЖ министрі генерал-лейтенант Ю.В. Ильиннің басшылығымен аварияны тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Полиция департаменті адамдардың қайтыс болу фактісі бойынша «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға