Жаңалықтар

Шахтада қаза тапқан жұмысшыларға барлық көмек көрсетіледі

Шахтада қаза тапқан жұмысшыларға барлық көмек көрсетіледі
Фото: pixabay.com 01.09.2024 13:31 434

Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбастарына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, 31 тамызда шамамен сағат 17.30-да ШҚО-дағы Ертіс шахтасында төрт жұмысшы қаза тапты. Марқұмның екеуі аталған шахта жұмысшылары, тағы екеуі мердігер ұйым жұмысшысы. 

Алдын ала болжам бойынша, төрт адам қаза тапқан қайғылы жағдайға газдан улану себеп болған. Тағы бір жұмысшы ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, 1-қыркүйекке қараған түні ШҚО-дағы Артемьев шахтасында тас құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қаза тапқан.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға