Шахматтан әлем чемпионаты: Димаш Құдайберген жүрісті бастап берді

Фото: instagram.com/kzchessfederation
Фото: instagram.com/kzchessfederation
26.04.2023 17:16
1061
Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижэнь арасындағы матчтың 12-партиясы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап бастап берді.
Осындай іс-шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді Димаш Құдайберген.
Еске салайық, 9 сәуірде аталған қос спортшы арасындағы матчты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бастап берген болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Назарбаевтан қорқатынын айтты
Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді