Шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
14.06.2024 05:26
900
Қазыбек Нөгербек бүгін Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.
Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды
Келесі жаңалық
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды