Жаңалықтар

"Шахизада кімді алдап жүр?". Қаржы пирамидасына ақша құйған әншілер сан соғып қалған

"Шахизада кімді алдап жүр?". Қаржы пирамидасына ақша құйған әншілер сан соғып қалған
Фото: instagram.com/shahizada.art 13.12.2023 12:15 4121

Alayaq.net жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбек алаяқтарға сеніп, қаржы пирамидасына ақша құйған эстрада жұлдыздары туралы Сұрауы бар” подкастында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңгерге әншілердің өзі көмек сұрап, хабарласқан.

2009 жылы L-Capital деген компания ашылады. Адам тарту үшін эстрада жұлдыздарын пайдаланған. Өнер адамдары да алданады екен. Жұлдыздар да жылайды деген сөз бекер емес екен. "Қай жерге барсаң, Қайрат Нұртастың, оның анасының аты жүреді" деп жатады. Компанияның түрлі пакеттері болған. Әр пакетті алған сайын, қаражат құйып отырасың. Бағдат Сәмединова 70 мың доллар ақшасын салып жіберген. "Қатерлі ісікке шалдыққанда 15 мың доллар ақшамды әрең алдым" деді. Атын атамай жүргендер қаншама, - дейді Нұрсұлтан Орынбек.

Әнші Шахизадаға сенген әріптестері бар ақшасын салып, опық жеп қалған.

Ақбота Керімбекова мен Алма Аманжолова да ақшасын қайтара алмай жүр. Шахизадаға сендік деп сан соғып қалған біраз әнші бар. “Әпкеміз осы компанияның кеңесші, бетке ұстары боламын” деп сендіргесін қолымыздағы ақшаны салып көрдік” деп хат жазатындар көп. Әншілердің соңғы ақшасы болмаса да артық ақшаларынан айырылып қалып жатқандар бар, – дейді заңгер. 

Компанияның схемасы бойынша, Жаңатас қаласында тұз зауыты бар, жұмыртқа шығаратын зауытқа инвестор болсаңыз, 39 ай ішінде ақшаңызды шығарып аласыз деп сендірген. Алғашында кішкентай сумма 15 мың теңгеден басталып, миллион доллар салып жіберген де адамдар бар. “Табысты инвестор” деген атақ алып кеткен тұтынушылар да бар. Алтынбек Қоразбаевтың да ақшасының жарты бөлігін қайтарып үлгергені белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға