Жаңалықтар

«Шаһар шежіресі»: Астанада Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды

«Шаһар шежіресі»: Астанада Тәуелсіздік күніне арналған көрме ұйымдастырылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 15.12.2023 18:08 974

Астанада «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылып, Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналды. Көрмеге қалалық мемлекеттік архивте сақталған елорда тарихы туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Халқымыздың бай тарихын енді жастар жалғастыруы керек. Қаламызда қаншама қазақ мектептері ашылып жатыр. Кезінде соғыстың алдында 5-6 қазақ мектебі болды, тың игеру кезінде жалғыз қазақ мектеп-интернаты қалды. Қазір қаламыз жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұрын тұрғындардың 70-80 пайызы қазақ болса, тың игеру кезінде 10 пайызға дейін түсіп қалды. Бүгінде бас қаламыздағы жергілікті ұлттың үлесі 90 пайызға жетті. Қала тұрғындары 200 мыңнан бастап 1,5 млн өсті, - деді көрменің ашылуында сөз сөйлеген Марат Әбсәметов.

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады.

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, өзге де тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға