Жаңалықтар

Шағын ауылдардағы мектептердің сапасы сын көтермейді – Мәжіліс депутаты

Шағын ауылдардағы мектептердің сапасы сын көтермейді – Мәжіліс депутаты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.06.2023 11:21 724

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектептеріндегі білім сапасы туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқу-ағарту министрлігінің өкіліне ауыл балаларының білім сапасындағы үлкен алшақтық мәселесі әлі күнге дейін неге шешілмей отырғандығын жеткізді.

Мәжілістегі сегізінші шақырылымның депутаттары және әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрағасы депутат Асхат Аймағамбетов бастамасымен өткен айда Солтүстік Қазақстанға барып көшпелі отырыс өткіздік. Сол жерде біраз мәселеге көзіміз жетті, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ол бірінші мәселе шағын жинақты мектептердегі даму стратегиясы. Себебі бала өте аз және мұғалімдердің, сағаттың жетіспеушілігі сәйкесінше білім сапасынының төмендігіне әсер етіп отыр.

Бұл мәселені шешуде оқу-ағарту министрлігінің стратегиясы білгіміз келеді. Шағын ауылдардағы шағын жинақты мектептерде жұмыс істейтін мұғалімнің жалақысын өсіруге байланысты қандай да бір жоспар бар ма?, – деді депутат.

Екінші мәселе кейбір шағын ауылда мектептің болмауына байланысты балаларды тасымалдап оқытады. Бүгінде бұл көрсеткіш 33 пайызды құрайды.

Олай тасымалдап оқитын балалардың интернатының жағдайы мәз емес. Сын көтермейді. Тасымалдау және интернатты жөндеу мәселесі қалай шешіледі? Үшінші мәселе шағын ауылдағы шағын жинақты мектептің ғимараты. Оны күтіп-ұстау өте қиын. Кейбірі апаттық жағдайда, – деді мәжілісмен.

Бұл тұрғыда оқу-ағарту министрлігінің өкілі республика бойынша ауылдық жерлерде 5 мың 112 мектеп болатын болса, оның 2 мың 700-ден астамы шағын жинақ мектеп екенін және мұнда 190 мыңнан астам бала білім алып жатқанын айтты.

Білім сапасын арттыру бойынша минстрлік кешенді жұмыс істеп жатыр. Бес өңірде Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстікте шағын жинақты мектеп саны өте жоғары. Аталған өңірлерде цифрлық технологияны пайдаланып шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыру жоспарлануда. Қазір Ақтөбе осы жобаны іске қосу бойынша кірісіп кетті, – деді ол.

Бөлісу:
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға