«Шабыттың» жүлдегерлері марапатталды
Бүгін Астанада XIX халықаралық «Шабыт» фестивалі дипломанттары мен І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері марапатталды.
6 күнге созылған байқау қорытындысында жеңімпаз атанған қатысушылардың тізімі мынадай:
«Халық музыкасы», «қобыз-прима» аталымы:
«Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларын үздік орындағаны үшін» – Шолпан Өтебаева
ІІІ дәрежелі диплом – Ажар Еркебұланова, Азиза Бейсенғұлова, Айдана Амангелдинова
ІІ дәрежелі диплом – Айгүл Аужанова, Зарина Абдрахманова
І дәрежелі диплом – Гүлдария Нариман
«Халық музыкасы», «қылқобыз» аталымы:
ІІІ дәрежелі диплом – Мәдина Төлеубаева, Ботагөз Нұрғалиева
ІІ дәрежелі диплом – Санжай Әлмешов
І дәрежелі диплом – Фариза Қосшығұлова
«Халық музыкасы», «Домбыра» аталымы:
Қ. Ахмедияров атындағы арнайы сыйлық – Оспан Жанарыс
ІІІ дәрежелі диплом – Жетпіс Нұрмағамбетов, Азамат Елеусін
ІІ дәрежелі диплом – Дидар Исахан
І дәрежелі диплом – Жарас Сатыбалдиев
«Халық музыкасы», «Прима-домра» аталымы:
ІІІ дәрежелі диплом – Мөлдір Шаяхмет, Сымбат Құсайынова
ІІ дәрежелі диплом – Вера Ледяйкина (Қазан қаласы), Юлия Байбикова (Мәскеу)
І дәрежелі диплом – Гөзел Ғазизова (Қазан қаласы), Әбілқайырхан Бейсенов
«Бейнелеу өнері» аталымы:
ІІІ дәрежелі диплом – Жәнібек Нұрбекұлы
ІІ дәрежелі диплом – Асылхан Нұржан
І дәрежелі диплом – Рүстем Беркінбаев
«Классикалық музыка», «Ағаш үрмелі аспаптар» аталымы:
ІІІ дәрежелі диплом – Ислам Әлиев, Владимир Ардашев
ІІ дәрежелі диплом – Фурғат Тұрғанов, Талғат Сапабеков
І дәрежелі диплом – Әйгерім Дүтбаева, Фариза Ералы
«Үздік әдеби шығарма», «Поэзия» аталымы:
К. Салықов атындағы арнайы сыйлық – Ұмтыл Захан
Ә. Балқыбек атындағы арнайы сыйлық – Әлішер Әлімжан
ІІІ дәрежелі диплом – Медет Божан
ІІ дәрежелі диплом – Айдана Сегізбаева
І дәрежелі диплом – Асылбек Жаңбырбай
«Эстрадалық вокал» аталымы:
Б. Шөкенов атындағы арнайы сыйлық – Гүлнар Башенова
ІІ дәрежелі диплом – Дихан Ильяшев
І дәрежелі диплом – Юлия Сидорук (Украина)
Вера Ледяйкина, «Шабыт» фестивалінің жүлдегері:
– Мен «Шабытқа» қатысу үшін ат терлетіп, сонау Қазан қаласынан келдім. Фестиваль өте жақсы деңгейде өтті. Қатысушылармен танысып, кейбірімен тіпті достасып та үлгердім. Өзім Саранск қаласының тумасымын. 9 жасымнан бастап домра аспабында ойнаймын. Қазір Қазан қаласында консерваторияда оқимын. Домра – бұл орыс ұлтының көне аспабы. Қазақстанда да студенттерге бұл аспапты үйретеді екен. Дегенмен, мұндағы өнерпаздардың техникасы, аспапта ойнау шеберлігі біздікіне қарағанда өзгешелеу екенін байқадым.
Асылбек Жаңбырбай, ақын, «Шабыт» фестивалінің жүлдегері:
– «Шабыттың» «Поэзия» аталымында бірінші орынды жеңіп алдым. Қатты қуанып тұрмын. Бұған осы байқауға қатысуға мүмкіндігім болмап еді. Биыл бірінші рет келдім. Энергетика саласының оқуын тауысқаныммен, бала күнімнен әдебиет саласына құштар болып өстім.
Байқауда қыздың тағдыры жайлы «Мәлика» деген поэмам мен бір топ өлеңдерім қазылар алқасының назарына ұсындым. Менен бұрын, 2004 жылы «Шабытқа» Маңғыстау облысының атынан Әнуар Бимағанбет деген ақын қатысып, бірінші орынға ие болған еді. Содан бері біздің облыстан ешбір ақын жүлде алмаған екен. Енді міне, араға бір мүшел салып, маған да бірінші дәрежелі диплом бұйырып тұр.
ХІХ халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушылар бүгін кешке Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін гала-концертте марапатталады.
UPDATE: Материалдың жалғасын мына жерден оқи аласыздар!
Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ