Жаңалықтар

Ұшақта темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды

50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды
Ұшақта темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды
Фото: 24.kz 17.10.2022 21:10 2149

Ұшақ бортында темекі шеккені үшін 2 қызға айыппұл салынып, олар рейстен түсірілді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша «Шарм-Эль-Шейх – Астана» бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (153 150 теңге)», - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім етілгендей, дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін тағы бір қыз – Орал қаласының тұрғыны «Орал – Алматы» бағытындағы әуе рейсінен түсірілген.

Жалпы биылғы жыл басынан еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсірген. Оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 106, алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 адам жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға