Атырау облысына іссапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов Атыраудағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесу өткізді.
Оның барысында этномәдени бірлестіктердің көкейтесті мәселелері талқыланып, пікір алмасылды.
Кездесу соңында Ш. Пулатов «Ынтымақ» өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы А. Амировке Қазақ ақындарының антологиясын тарту етті. Өз кезегінде Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Хатшылық меңгерушісі Г. Шәкірова жоғары мейманға кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Атырау этностарының энциклопедиясын естелікке сыйлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар дәуір және тұлға тақырыбын талқыға салды
Келесі жаңалық
Солтүстік Қазақстанда сот төрағасы қылмыс үстінде ұсталды