Жаңалықтар

ШҚО этномәдени бірлестіктері Құрбан айтқа орай мерекелік дастархан басында жиналды

ШҚО этномәдени бірлестіктері Құрбан айтқа орай мерекелік дастархан басында жиналды
15.08.2019 09:52 3384

Бүкіл мұсылман халқының қасиетті мейрамы - «Құрбан айтқа» орай Шығыс-Қазақстан облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» аймақтағы ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, ұлы мерекені ұлықтады.

ШҚО этномәдени бірлестіктері Құрбан айтқа орай мерекелік дастархан басында жиналды

Бұл мерекеде шариғат бойынша барша мұсылмандарға ортақ ғибадат – құрбандық шалынады. Құрбан айт күндерін мұсылмандар бір-бірінің үйіне барып мерекелейді. Сонымен қатар ауырып жатқан жандардың жағдайын сұрап, жетім-жесірге көмектесіп айттың қуанышын сездіріп, сауапты іс жасайды. Осы орайда, Достық үйі дәстүрге айналған жыл сайынғы қайырымдылық шарасын жалғастырды.

Шараға облыстағы этномәдени бірлестіктер, «Халифа Алтай» мешіті мен «Свято-Троицкий» шіркеуінің қызметкерлері қатысты. Достық үйі ұжымы келген қонақтарға құрбандыққа сойылған етті тарту етіп, думанды мейрам жасады.

ШҚО этномәдени бірлестіктері Құрбан айтқа орай мерекелік дастархан басында жиналды

Түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан бұл шарада әр ұлт өкілдері өнерлерін ортаға салып, ізгі тілегін жеткізді. Жайылған ақ дастархан басында құран оқылып, ақсақалдар бата берді. Мерекеге жиналған көпбалалы отбасыларға азық-түлік базарлығы үлестірілді.

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» әр ұлттың айтулы мерекелерін кең ауқымда атап өтеді. Рождество Христово, Сабантой мерекелері Құрбан айт сияқты шығысқазақстандықтар арасында тең тойланып, үлкен мәнге ие. Этномәдени бірлестіктер бір-бірлерінің салт-дәстүрін сыйлап, бір шаңырақ астында тату-тәтті қызмет етеді, деп хабарлайды мерекелік шараны ұйымдастырушылар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға