Жаңалықтар

ШҚО-да мемлекет қызметкерлері ант беретін орын

Кермиық даласы кең көсіліп, заңғар таулары көк тіреген, түбі бір түркі халықтарының атажұрты, алтын тұғыры саналатын Шығыс Қазақстанда «Абылай шыңы» дейтін қасиетті тұғыр бар.
19.11.2014 07:43 12518

Кермиық даласы кең көсіліп, заңғар таулары көк тіреген, түбі бір түркі халықтарының атажұрты, алтын тұғыры саналатын Шығыс Қазақстанда «Абылай шыңы» дейтін қасиетті тұғыр бар.

ШҚО-да мемлекет қызметкерлері ант беретін орын

Өскемен қаласы – «Қазақстан» монументі. «Абылай шыңындағы» осы тұғырда ШҚО мемлекеттік қызметкерлері ант қабылдайды.

«Қазақтың қазақ екендігін білгің келсе, халық екенін білгің келсе мамыр өте Мәртөбеге кел» дейтін тіркес бар. Мәртөбе деп отырғанымыз қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында орын тепкен, отырып дау шешетін, жиылып ымыраға келетін мәртебелі жер болған.

Абылай шыңында мемлекеттік рәміздердің барлығы орналасқан. Байрақ тұғырда желбіреп, жыл сайын Рәміздер күнінде Әнұранымыз шырқалады. Дәл іргесінде Елтаңбамыз орналасқан. Сондықтан «Абылай шыңы» рәміздердің тұғырына айналып үлгерген. Мұнда келген әрбір адам, тіпті меймандардың өзі Қазақ елінің орныққан мемлекет, туын тұғырына тігетін, елдің әрбір құндылығын биікте ұстайтын мемлекет екендігін сезеді. Сол себепті де «Абылай шыңына» шыққан адамның шолақ ойламауға, пендешіліктен бір саты жоғары тұруға тырысады. Еңсесі түскен адам «Абылай шыңына» шыққанда көкке шаншылған көк байраққа көз сала отырып еңсесін де бір тіктеп алады.  Тіпті, Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер «Абылай шыңына» шығып, мемлекет алдында адал қызмет етуге ант береді екен. 

Өскемен десе бүгінде ел аузына әуелі Абылай хан шыңындағы “Қазақстан” монументі түседі. Ислам Әбішев қала әкімі қызметін атқарып тұрғанда, қолына бірінші алған ісі Өскемен тұрғындары өздерінің  Қазақстанның, Қазақ Елінің азматы екенін мақтанышпен сезінуі үшін, ұлттық патриоттық сезімдерінің жоғары болуы үшін осы кешенді салуды қолға алған екен. Кешен ел арасында “Қазақстан” тауы деген жанама атқа да ие.

Өскемендегі Красин кенті жақтағы Аблакет тауының ең ұшар басына тұғыр орнатылып, оған көк байрағымыз тігіліп,  баурайына үлкен әріптермен «Қазақстан» деп жазылған. Аспанмен тілдескен жалау мен жарқыраған жазу қаланың қай тұсынан болсын көзге оттай басылып, мен мұндалап, елдігімізді айғақтап, рухымызды асқақтатып тұр. Ұрпақ бойына ұлттық патриотизмді ешқандай насихатсыз-ақ, тек осындай символикалар арқылы сіңіруге болады екен. Бірнеше жыл бұрын Конституция күні қарсаңында «Қазақстан» жазуы және мемлекеттік Ту жаңартылды. Ол жерге электр желісі тартылды, енді жазу мен байрақ түнде де көрініп тұрады. Сондай-ақ, жалау саптың ұзындығы 40 метрге дейін көтеріліп, тудың көлемі ұлғайтылды. Енді өскемендік көк байрақ – еліміздегі ең үлкен тулардың бірі. Оның ені – 6, ұзындығы – 12 метр. Ал, «Қазақстан» деген тау баурайына жазылған үлкен жазу елімізде тек Өскеменде ғана бар” делінген онда.

ШҚО-да мемлекет қызметкерлері ант беретін орын

ХІХ ғасырдың соңындағы Өскемен қаласы


Әзірлеген – Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға