ШҚО-да 15 лауазымды тұлға жазаланды
Автомобиль жолдарына 400-ден астам қосымша тексеру жүргізілді
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz
14.08.2022 01:29
1190
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды тексеруді тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлайды El.kz.
Айлық аясында көшелер мен автомобиль жолдарына 400-ден астам қосымша тексеру жүргізілді, 23 авариялық-қауіпті учаске есепке алынды.
– Орын алған кемшіліктерді жою бойынша 350 нұсқама беріліп, жол-коммуналдық органдардың 15 лауазымды тұлғасы жолдарды қауіпсіз жағдайда ұстау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жөндеу және реконструкциялау орындарында қосымша 130-дан астам ескерту белгілері орнатылды.Сондай-ақ жол белгілерін жаңарту және жүріс бөлігі жабынының ақауларын жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан кубогы: «Қайрат» ширек финалға жолдама алды
Келесі жаңалық
Былтыр ШҚО-ға 269 қандас көшіп келген