Жаңалықтар

Сейсмолог Алматыда 9-10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты

Сейсмолог Алматыда 9-10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 15.03.2024 11:32 27196

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының маманы Елизавета Есенжігітова Алматыда 9-10 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Жетісу» телеарнасына берген сұхбатында зерттеу нәтижесі бойынша болжам жасалғанын алға тартады. Маманның сөзінше, бұған дейін Алматыда ірі жер сілкіністері болған.

Бүкіл қала қирап, адам шығыны болды. Магнитудасы 7,2 болды. 1911 жылы Қырғызстанмен шекарада магнитудасы 8,2 Кемен жер сілкінісі болып, катастрофалық жер сілкінісіне жатқызылды, - дейді Елизавета Есенжігітова.

Оның сөзінше,  зерттеулерге сәйкес жер сілкінісінің ошақтары белгілі уақытта, яғни 100-120 жылда қайталанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға