Жаңалықтар

Сейсенбіде ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Сейсенбіде ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: © El.kz 21.11.2023 04:13 696

«Қазгидромет»  РМК қарашаның 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорынның болжамына сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр, қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға