Жаңалықтар

Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі жұрттан жасырған құпиясын бөлісті

Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі жұрттан жасырған құпиясын бөлісті
Фото: instagram.com/s_zholbarys_official 21.12.2023 15:18 8855

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатеринамен алғаш танысқан кезде бірінші әйелімен заңды түрде ажыраспаған болып шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл жайтты білген бойда Екатерина онымен таныстықты тоқтатқысы келген. Алайда әнші келіншегімен қарым-қатынасы оған дейін бұзылғанын айтып, некесінің сәтсіз аяқталуына оның еш қатысы жоқ екенін түсіндірген.

Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған сезімін білдірген кезде "Сіздің отбасыңыз бар. Болмайды, ұят болады. Мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кете алмаймын" дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ "біздің отбасымыз шегіне келіп қалды, мен ол кісімен бәрібір ажырасамын, сен болмасаң да сенің орныңда басқа біреу болады" деді. Бұл ешкімге ұнамайтын жағымсыз жағы ғой. Өмір болған соң бәрі болады. "Ол кісімен тіл табыса алмадым. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа" деді. Онсыз да ажырасайын деп жүрген адамдар болған. Менің оған еш қатысым жоқ. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі, – деді Екатерина. 

Сол үшін Екатерина Сейфуллин Жолбарыстың бірінші әйелінен кешірім сұрағаны белгілі болды.

Бұрынғы жұбайымен бетпе-бет кездестік. Бірақ ашылып сөйлесе алмадық. Сейфуллин екеумізге қатты ренжігенін айтты. Кім болса да, осылай ренжитін еді. Осы сәтті пайдаланып кешірім сұрағым келеді, мен әдейі немесе қасақана жасаған жоқпын. Отбасының ажырауына менің қатысым жоқ. Үлкен қызы менімен араласпайды. Ұлы біздің қолда тұрады. Сахнаға шығып бірге ән айтып жүр, – деді Екатерина. 

Айта кетейік, Сейфуллин Жолбарыс бұған дейін бірінші әйелі ата-анасымен бірге тұрғысы келмегенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға