Серік Жұманғарин салық реформасы қалай өзгеретінін түсіндірді
Қосымша құн салығын (ҚҚС) көтеру туралы Үкімет әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде ҚҚС мөлшерлемесінің деңгейі 20 пайызды құрайды.
Бізде елдің жетекші экономистері мен салық саласының мамандарынан құралған кеңесшілер бар. Олар әртүрлі есептеулер жүргізіп, стресс-тесттер жасап жатыр. Ұлттық банктің макроқаржылық моделі негізінде бірнеше есептеулер жасалды. Қазіргі уақытта біз бұл жұмысты жалғастырып жатырмыз. Сондықтан үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін негізгі деп бекітті деп айтуға әлі ерте, – деді Жұманғарин.
Сонымен қатар, Үкімет салық саласындағы реформаның қажеттілігі туралы айтып отыр.
Бүгін бұл ұсынысты Мемлекет басшысы өз баяндамасында қолдады. Біз қазіргі заңнамаға сәйкес, елде көптеген кәсіпкерлер үшін салықты оңтайландыруға арналған ресми жолдар қарастырылған бұрынғы жүйемен өмір сүре алмаймыз. Яғни, мемлекет өз функцияларын орындауы тиіс: әлеуметтік міндеттерді және мемлекеттің жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты міндеттерді атқару қажет. Егер мемлекет салық жинамаса, бұл міндеттерді қалай жүзеге асыра алады? Бұл – айқын нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан біз ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді жоспарлап отырмыз. ҚҚС-ты қаншалықты арттыратынымыз әлі талқыланады. Қазіргі таңда Парламентте Салық кодексінің жобасы қаралады. Мемлекет тарапынан ұсынылатын түзетулер жақын арада енгізіледі, – деді Серік Жұманғарин.