Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде жеңске жетті
Осылайша 33 жастағы Морозов UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетті.
26.06.2022 07:19
1832
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде бразилиялық қарсыласы Раулиан Пайваны жеңді, деп хабарлайды El.kz.
Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңісі Сергей Морозовтың еншісіне жазылды.
Нәтижесі: 29-28, 29-28, 29-28.
Осылайша 33 жастағы Морозов UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетсе, ал ММА-де барлығы 18 жеңіс, 5 жеңіліс бар.
26 жастағы Пайва UFC турнирінде қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды
Келесі жаңалық
«Ата жолы» картасы: этникалық қазақтар елге оралды