Жаңалықтар

Сербиядағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш балуан күреседі

Сербиядағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық үш балуан күреседі
Фото: uww.org 23.09.2023 14:26 786

Бүгін Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық үш балуан сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың арасында 67 келіде Алмат Кебіспаев, Мұхамбетәлі Мамырбек (63 кг) және Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) күреседі. Сондай-ақ, 72 келіде Ибрагим Магомадов (72 кг) жұбаныш белдесуінде бозкілемге шығады. 

Жарыстың Алматы уақытымен 14:30-да басталады. Ал жартылай финал 21:00-де жалғасын табады. 

Бұған дейін Белградтағы жаһандық додада еркін күрестен Ризабек Айтмұқан 92 келіде әлем чемпионы атанса, 86 келіде Азамат Дәулетбеков қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен бірге, әйелдер күресінен 72 келіде Жәмила Бақбергенова да үздік үштікке еніп, қола жүлдеге ие болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға