Сербияда үш күндік аза тұту жарияланды

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
03.05.2023 22:10
1159
Сербияның білім министрі Бранко Ружич 5 мамырдан бастап елде үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар 3 мамырда екінші ауысымда сабақ болған жоқ.
Бүгін екінші ауысымда сабақ болған жоқ. Ертең сабақтар бір минуттық үнсіздіктен басталады, - деді министр.
Бұған дейін Белградтағы мектепте атыс болып, салдарынан тоғыз адамның көз жұмғаны айтылған. Ал атысты 7 сынып оқушысы ұйымдастырды. Ол алдымен күзетшіні атып өлтіріп, сонан соң оқушыларға оқ жаудырған.
Полиция 14 жастағы жасөспірімді ұстады. Мұғалімдер оның тәртіпті оқушы болғанын айтуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда 3 жасар бала жүк көлігінің астында қалып көз жұмды
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады