Сербия президенті өлім жазасын енгізуді ұсынды
Фото: https://www.independent.co.uk/
Фото: https://www.independent.co.uk/
07.05.2023 12:51
931
Сербия Президенті Александр Вучич Үкіметке өлім жазасын қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы серб ұлтына арнаған үндеуінде мәлімдеді. Ел басшысы өлім жазасын қайтарғысы келгенімен, оның Сербия Үкіметі қолдамады.
Мен премьер-министрге өлім жазасын қайтаруды ұсындым. Бірақ ол және Үкімет қарсы болып отыр. Егер қолдағанда біз Беларусьпен Еуропада жалғыз өлім жазасын қолданатын мемлекет болатын едік. Біз кейбір "өте ақылды" конвенцияларға байланысты өлім жазасын қолдану мүмкін емес шығар. Мен де бір кездері өлім жазасына қарсы болдым. Енді менде осындай саяси ұстаным болғанына қатты өкінемін, - деді Вучич.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты