Сенсация: Қазақстан азулы Солтүстік Ирландияны сырт алаңда жеңді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
20.06.2023 09:03
1206
Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Н тобында өткен матч тартысқа толы болып, Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. Ойындағы жалғыз жеңіс голын 88-минутта Абат Айымбетов соқты.
Ол әріптесін ауыстырған болатын. «Астана» шабуылшысы қарсылас алаңының орта тұсынан пас алып, жергілікті қорғаушыларды қапы қалдырды да қақпаны дәл көздеді. Ал қақпашы Бэйли Пикок-Фаррелл ештеңе істей алған жоқ.
Төрт раунд қорытындысы бойынша ұлттық құрама тоғыз ұпай еншіледі.
Бөлісу:
