Жаңалықтар

"Сенің әнің емес". Нұржан Қалжан басы дауға қалғанын айтты

"Сенің әнің емес". Нұржан Қалжан басы дауға қалғанын айтты
Фото: Видеодан кадр 18.09.2023 14:25 2382

Әнші Нұржан Қалжан "Бұлбұл құс" әнін "Ninety one" тобының солисіне айтуға келісім бергені үшін басы дауға қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, әннің авторларымен арада түсініспеушілік болған. 

Бұлбұл құсты" "Ninety one" тобындғы Ace орындап шықты. Олар маған хабарласып, "аға осындай әніңізді айтайын деп жатырмыз"- деді. Келістім. Қазіргі жастардың көзқарасымен, орындауымен қалай болады екен деп тыңдадым. Ұнады. Өзіндік ерекшелігі бар. Менің алдымнан өтті, - деді Нұржан Қалжан. 

Өнер иесі бұл жағдайдың соңы ән авторларымен арада түсініспеушілікке әкелгенін атап өтті.

Алдымнан өткенмен бұның арты айқай-шуға ұласты. "Бұлбұл құстың" авторлары "әнді беретін сен автор емессің. "Сенің әнің емес" деген секілді сондай дүниелер болды. Мен де біреудің әнін айтатын болсам, Мейрамбек ағаның айтып жүрген әнін айтатын болсам, әншіден, орындаушы ретінде одан рұқсат сұрауым керек. Авторы басқа кісі болғанмен, мен әншінің алдынан өтуім керек. Олар сондай оймен сұрады, мен де сондай оймен жауап бердім. Ол кісілер сен автор емессің деп біраз түсініспеушілік болды. Ақырында, сол кезде шешіліп, келісіп, тақырып жабылды", - деді әнші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға