Жаңалықтар

«Сенің дауысың - сенің болашағың!» атты постерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыдағы баспасөз мəслихаты барысында ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысын шығарды.
17.03.2016 04:49 6717

Бүгін Алматыдағы баспасөз мəслихаты барысында ұйымдастырушылар «Сенің дауысың - сенің болашағың!» атты жалпыреспубликалық байқаудың қорытындысын шығарды.

«Сенің дауысың - сенің болашағың!» атты постерлер байқауының жеңімпаздары анықталды

Әділ-қазылардың шешімі бойынша 3-орынға Алматылық Рауль Чукобаевтың жұмысы лайық деп танылды.

Ал 2-орынға 2 адам алматылық Сағидулла Ақтанов мен Тараз университетінің студенті Нұрсейіт Қарабаев  ие болды. 

1-орынды ақтаулық Мұрат Наурызбаев жеңіп алды. 

Ең үздік жұмыс ретінде астаналық Айдос Анаевтың жұмысы Гран-при иеленді. 

Көрермен көзайымы сыйлығын екі Павлодарлық сұлу Қасен Үмітжан және Анастасия Дейна жеңіп алды. 

Аталған байқау 2016 жылғы 12 ақпанда «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен басталды. Үміткерлердің постерлері арнайы жасақталған sailau2016.el.kz сайтында жарияланды.

Айдос Анаев - Гран-при иегері

Мұрат Наурызбай - 1 орын жүлдегері

Нұрсейіт Қарабаев - 2 орын иегері

Сағидолла Ақтанов - 2 орын иегері

Рауль Чокобаев - 3 орын иегері

- Айдар Қырықбай, «Қаламгер - Азамат» жас журналистер қоғамдық қорының төрағасы:
- Мақсатымыз - еліміздегі маңызды шара сайлауда әр қазақстандықтың өз таңдауын жасауына әсер ету. 20 наурызда өтетін Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттығына сайлауға қатысты байқау ұйымдастыруды жөн көріп, Орталық Коммуникациялар қызметіне ұсынысымызды білдіріп, қолдау таптық. Қазіргі таңда байқауға жастар өте белсенді қатысып жатқанына қуаныштымыз. «Қаламгер - Азамат» жас журналистер қоғамдық қорының төрағасы

Жеңімпаздарды еліміздің өнер жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері: Rin’Go тобының мүшелері, Қазақстан аруы Регина Вальтер, әнші Диана Шарапова, актриса Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхаммеджанова, әнші Толқын Забирова марапаттады.

1 айға жуық уақыт ішінде байқауға 309 жұмыс келіп түсті. Авторлардың көбі 25 жасқа дейінгі жастар. Байқауға қатысушылардың 44,7% мектеп оқушылары, ал 28,8% студенттер. Бұл көрсеткіш жас буынның азаматтық ұстанымын анық көрсетіп отыр. Сонымен қатар, аға буын өкілдері де белсенділік танытты. Байқау жұмыстарының арасында суретшілер, дизайнерлер жіберген тіпті өрт сөндіру қызметі мен шахтерлердің де жұмысы бар. Еліміздің қалалары бойынша Павлодар мен Астана көш бастады. Келіп түскен жұмыстардың 34% осы екі қалаға тиесілі.

Ең үздік жұмыстар жақында Байқоңыр метро стансасында өтетін көрмеге қойылады. 


Айгуль ШЕРНИЯЗОВА

Суреттер: Руслан КАНАБЕКОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға