Жаңалықтар

«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды

Қазақстанда Мәжіліс және маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында ұйымдастырылған «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы аяқталды.
16.03.2016 05:44 5098

Қазақстанда Мәжіліс және маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында ұйымдастырылған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды.

«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауына жұмыстарды қабылдау аяқталды

2016 жылғы 12 ақпанда «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауын жариялаған болатын. Байқау «El.kz» әлеуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ-ның техникалық қолдауымен өтті. Үміткерлердің постерлері арнайы жасақталған sailau2016.el.kz сайтында жарияланды.

Байқауға барлығы 309 жұмыс қатысты. Ендігі кезек әділқазылардың еншісінде. 16 наурыз күні ең үздік жұмыстар іріктеліп, қорытындысы жарияланады. Жеңімпаз атанғандар марапатталады.

Байқауға қатысушылардың 44,7% мектеп оқушылары, ал 28,8% студенттер. Қатысушылардың негізгі бөлігі 25 жасқа дейінгі жастар. Бұл көрсеткіш жас буынның азаматтық ұстанымын анық көрсетіп отыр. Сонымен қатар, аға буын өкілдері де белсенділік танытты. Байқау жұмыстарының арасында суретшілер, дизайнерлер жіберген тіпті өрт сөндіру қызметі мен шахтерлердің де жұмысы бар. Еліміздің қалалары бойынша Павлодар мен Астана көш бастап отыр. Келіп түскен жұмыстардың 34% осы екі қалаға тиесілі.

Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.


Айсауле Нурлыбек

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға