Жаңалықтар

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 11.03.2023 09:17 1240

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

11 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтау, Ақтобе және Атырау қалаларында күтіледі.

Алматы облысында 11-14 наурыз аралығында күннің жылынуынан, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және қатты жауын-шашынның әсерінен Үлкен және Кіші Алматы су бассейндерінде қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты қар жатқан тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.

11 наурызда Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы қаласында 12 наурызда күндіз қатты жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ал Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болжанады. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі. Өңірдің солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ сақталады.

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, 11-12 наурызда Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласының маңындағы аймақтарда жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі, еріген қар суының жиналуы және тау беткейлерінен тасқын судың ағуы, өзен-көлдерде мұздың әлсіреуі және су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Бұл ретте өзен-көлдерде су арнасынан асып, су басу жағдайлары болуы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға