Қазгидромет 28 қаңтар күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек ҚР солтүстік өңірлеріне солтүстік циклон жырасы әсер етеді, аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Оңтүстік-батыста атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады, солтүстікте желдің күшеюі, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға