Сенаттың комитет төрағалары қайта сайланды
Депутаттар палаталардың комитет төрағаларын қайта сайлады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
26.01.2023 11:46
1047
Палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне Сүйіндік Тәсеменұлы Алдашевтің кандидатурасы ұсынылды. Осылайша Сүйіндік Алдашев аталған комитет төрағасы болып бірауыздан сайланды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне Сұлтанбек Алмасбекұлы сайланды.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Андрей Иванович Лукин сайланды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп сайланды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жақып Асанов Сенат төрағасының орынбасары болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді