Жаңалықтар

Сенатта ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісім ратификацияланды

Сенатта ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісім ратификацияланды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.05.2023 13:40 892

Сенат «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ОАӨЭЫ институтына 11 ел: Ауғанстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан кіреді.

Институттың негізгі мақсаты – аталған елдер арасындағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Қазақстандық тарап 2022 жылғы 21 ақпанда ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімге қол қойды және бүгінде бақылаушы мәртебесіне ие. Осы келісім ратификацияланғаннан кейін Қазақстан институттың толыққанды мүшесі болады.

Заңның қабылдануы Қазақстанға ғылыми жобаларды іске асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әлеуетін жақсартуға бағытталған институттың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының Қазақстан Республикасында филиалын құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жергілікті ғылыми әлеует деңгейін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, бизнес-туризмді дамытуға әкеледі, - деп түсіндірді депутат Бауыржан Қаниев.

Институтқа мүше елдер кез келген уақытта депозитарийге жазбаша хабарлама тапсыру арқылы Институт құрамынан өз қалауы бойынша шыға алады.

Сенат депутаттары аталған заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға