Жаңалықтар

Сенатта ЕАЭО елдерінен тауар тасымалдауға қатысты заңдар талқыланды

Сондай-ақ одақ елдерімен ынтымақтастықты жетілдіру де назарға алынды
Сенатта ЕАЭО елдерінен тауар тасымалдауға қатысты заңдар талқыланды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 25.02.2023 00:15 1165

Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қатысты заңдарды талқылады, деп хабарлайды El.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары қаралды.  

Бірінші құжат Ресей Федерациясының жекелеген арнайы экономикалық аймақтарына әкелінетін ЕАЭО тауарларына қатысты қосылған құн салығын төлеу тәртібін өзгертуді көздейді. Бұл хаттамаға Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2021 жылғы 8 ақпанда қол қойған болатын.

Екінші заң жобасы мүше мемлекеттердің аумағы бойынша тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы техникалық және технологиялық шешімдерді қолдануды кеңейтуге, оның ішінде ЕАЭО аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау шараларының түрлерін жүзеге асыруды барынша азайтуға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, құжатты ратификациялау бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергілерді жлюға, сондай-ақ халықаралық тасымалдардың ашықтығын белгілеуге және тиісінше еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға